Полиция Алмалы аудандық соты ғимаратынан жарылғыш зат іздестіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясына Алмалы аудандық сотының ғимаратын қоршауға алды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Кешкі 17:00-18:00 арасында жарылғыш зат қойылды деген  шұғыл хабарлама түскен. 

Оқиға орнында жедел-тергеу тобымен саперлер жұмыс жасап жатыр.

Сонымен қатар телефон лаңкесі іздестіріліп жатыр.

"Белгісіз азаматтан қоңырау түсті. Барлық шұғыл қызметтер оқиға орнында жұмыс жасап жатыр. Азаматтардан атқарылып  жатқан  жұмыстарға байланысты түсіністік танытуларын сұраймын", - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар