Полиция ақтөбеліктің балконынан 2 келіге жуық есірткі тәркіледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік өз пәтерінің балконында 2 келіге жуық есірткі сақтаған. Күдікті есірткі шөбін саяжайдан орып алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға пәтерінде есірткі өнімін сақтайтын тұрғын туралы жедел ақпарат келіп түскен. Ақпаратты тексеру барысында 30 жастағы азаматтың үйінен 1 келі 949 грамм болатын марихуана тәркіленді.

«Күдікті есірткі шөбін бос қалған саяжайлардан өзіне пайдалану үшін теріп алғанын айтты. Тағы бір тұрғын 18 мамырда ерікті түрде полиция қызметкерлеріне бір келіден астам марихуана тапсырды. Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің «Есірткі өнімін заңсыз пайдалану» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 116 келі есірткі (марихуана) тәркіледі және есірткі жасауға қатысты 20 деректі анықтады.

Соңғы жаңалықтар