Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Полиция Ақтауда төбелескен жасөспірімдерді анықтады

2019 жылғы 23 мамыр 19:53 739
Бөлісіңіз:
Полиция Ақтауда төбелескен жасөспірімдерді анықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жуырда қатарластарын соққыға жыққан жасөспірімдердің бұзақылық әрекеттері түсірілген видео әлеуметтік желіге тараған болатын. Полиция бейнетүсірілімді тыңғылықты зерттей келе, бұзақылық әрекетке қатысушылардың кім екенін анықтады.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау тұрғынының пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарылды Төлеби ауданында 25 жастағы турист таудан құлап, мерт болды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желіге тараған жасөспірімді өзінің құрдастары ұрып жатқаны туралы бейнематериал тексерілді. Осы іске қатыстылар анықталды. Олар - Ақтау қаласындағы колледждердің бірінің бірінші курс студенттері. Бұл жәйт осы жылдың 20 сәуірінде болды. Жәбірленуші полицияға шағымданбаған. Қазіргі уақытта кінәлілерді жауапқа тарту мәселелері қарастырылуда»,-делінген министрлік таратқан мәліметте.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT