Полиция 5 жыл бойы алматылықтарды алдап келген алаяқты тергеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция 43 жастағы келіншектің іс-әрекетінен жапа шекккен адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

43 жастағы Салтанат Бекжігітова 2014-2018 жыл аралығында адамдарды сеніміне кіріп, жер, пәтер алып беремін деп алдап келген.

Қылмыстық іс Түрксіб ауданы терегушілерінің қарауында жатыр.

Полиция Бекжігітованың іс-әрекетінен жапа шеккен адам болса, 298-54-00; 298-54-01; 298-54-02; 8-778-000-86-17 және 8-777-666-60-04 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар