Полиция 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Ермек Шүлден қатігездікпен өлтірілген 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы қылмыстық іс бойынша қандайда бір құпия ақпаратты жария етуге болмайтындықтан қазір ешқандай ақпаратты жария етуге құқымыз жоқ. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс 26 наурызда Арнайы прокуратура қызметіне өткізілді», - дейді Ермек Шүлден Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті ауруханадан шыққаны туралы жаздық.


Соңғы жаңалықтар