Полицеймін деп телефонмен қорқытқан - Қарағандылық алаяқтар 40 млн теңгені жымқырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алаяқтар өздерін банк немесе полиция қызметкерімін деп таныстырған. Бұл туралы аталған ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағандыда азаматтарды 40 млн теңгеге алдап кеткен интернет-алаяқтар ұсталды. Қаскөйлер азаматтардың абоненттік нөміріне қоңырау шалып, өздерін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырған. Адамдарды алдап, жеке қаражатын резервтік шотқа аударуға көндірген. Осындай алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды барынша сақ болуға шақырамыз», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министрлік өкілі елдегі криминогендік жағдайға тоқталып өтті.

«Өткен апта ішінде 3299 қылмыс жасалды, оның 1998 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 49 тонау және 531 бөтен мүлікті ұрлау қылмысының бетін ашты», - дейді ол.

Бұған дейін министрлік өкілі паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, елімізде жыл басынан бері 92 баланы көлік қағып кеткен.


Соңғы жаңалықтар