Полицейлерге көп алғыс хаттар келді – Нұрділдә Ораз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа азаматтардан түрлі сұрақтармен қатар полицейлерге алғыс айтқан хаттар да келіп түседі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің балам ойнап жүріп есігі де, қоршауы да, құлыптары да, ескерту белгілері де жоқ ғимаратқа кіріп, токқа соғылып қалған еді. Қылмыстық істі Ақжайық аудандық полиция бөлімі тергеушілері тергеді. Олар істі сотқа берді және кінәлілер жазаланды» дейді хат авторы», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, тағы бір хатта Орал қаласының тұрғыны пойыздағы ұрлықтың алдын алған Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтылған

«Менің ұмыт қалдырған планшетімді қолды болудан сақтаған инспектор Асқар Мұнашовтың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Осы полицейдің өз қызметіне деген көзқарасы арқылы құқық қорғау органдарында қарапайым адамдардың мәселелерін шешуге дайын кәсіби, адал, жанашыр адамдар жұмыс істейтініне көз жеткіздім», - делінген хатта.


Соңғы жаңалықтар