Полицейлерге ипотекамен баспана алу жеңілдетілмек
«Жол картасының жобасы әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен келісілді. Енді Үкімет сәйкес қаулы қабылдап, Сағынтаев мырза қол қоюы қажет. Көп өзгеріс, 9 тармақ бар. Бұл тармақтардың өзін полициядағы революция десек те болады», - деді Марат Қоғамов.
Оның атап өтуінше, жол картасында көптеген өзгертулер қарастырылған.
«Өте көп өзгеріс күтіледі. Бұл жеке құрам санын қысқартуға ғана қатысты емес. Ол: қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсарту, жалақыларын көтеру, сараланған жалақы, полицейлердің ипотекаға тез арада қол жеткізуі. Бұл ретте ипотеканы жергілікті бюджет тарапынан жартылай дотациялау, министрлік, жалпы мемлекет тарапынан бастапқы жарнаға көмек көрсету орын алуы мүмкін. Өздеріңіз де білесіздер, қазір банктердің бастапқы жарнасы тым жоғары болғандықтан кез келген азамат ипотекалық кредитке қол жеткізе алмайды», - деді Қоғамдық кеңес төрағасы.