Полицейлердің қолынан көз жұмған Джордж Флойд коронавируспен ауырған

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Миннеаполисте полицейлер ұстау кезінде қаза тапқан Джордж Флойд коронавируспен ауырған. Мұны афро-америкалық отбасы жүргізген тәуелсіз сот-медициналық сараптаманың нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Life shot Telegram-каналына сілтеме жасап.

Мәйітті ашып қарау симптомсыз ауруы оның өліміне себеп бола алмағанын көрсетті. Дәрігердің қорытындысында Джордж мойын мен арқасына түскен қысымнан тұншығып қайтыс болғаны айтылған.

АҚШ қалаларында Миннеаполистегі полиция қолынан көз жұмған афро-америкалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылықтар мен толқулар басталды. Интернетте полицейлер Флойдқа қолына кісен салып, үшеуі оған жабылып, Джорджың мойнына тізесін қойғаны түскен видеолар пайда болды. Видеода Флойд бірнеше рет дем ала алмай, тұншығып бара жатқанын бірнеше рет айтқан. Ол реанимацияда қайтыс болды. Тәртіпсіздік басталғаннан кейін төрт полиция қызметкері жұмыстан босатылды, ал олардың біреуіне кісі өлтірді деген айып тағылды.


Соңғы жаңалықтар