+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Полицейлерден үнемі халыққа жанашыр болуды талап етемін - генерал-майор Қайрат Дәлбеков

2020 жылғы 23 ақпан 16:35
Бөлісіңіз:
Полицейлерден үнемі халыққа жанашыр болуды талап етемін - генерал-майор Қайрат Дәлбеков

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындармен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық банктерге 47 миллион теңге айыппұл салынды Рейд: Елордада карантин талаптарын сақтамай келген бірқатар нысан анықталды Түркістан облысында СК-Фармацияның өңірлік қоймасына тексеру жұмыстары жүргізілді

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен кездесу халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылдауға Полиция департаментіне қарасты тергеу, кадр, әкімшілік полиция басқармалары және тағы басқа тиісті басшылар, облыс тұрғындары мен БАҚ-ы өкілдері қатысты.

Халықпен тікелей, ашық қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылған кездесуде тәртіп сақшылары тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, өтініш-тілектерінің шешілу жолдары қарастырылды.

Генерал-майор Қайрат Дәлбековтың қабылдауына алдын ала жазылған азаматтардан бөлек, өзге де тұрғындар келді. Олар өздерінің көкейтесті мәселелерін, аяқсыз қалған арыздарын жеткізді. Қабылдауға келген 50-ден астам тұрғынның әрбірінің мәселесін мұқият қараған облыстың бас полицейі айтылған уәждердің оң шешілуіне ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, өтініш-тілектердің тез арада орындалатынын жеткізіп, кейбір күрделі мәселелер бойынша жауапты полицейлерге сол сәтте мәселенің оң шешілуі үшін тапсырмалар берді.


Жалпы, қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі мал ұрлығы аясында арыздар бергенін айтты. Қылмыстық істер және жұмысқа орналасу, ауысу, тергеу саласы бойынша да сөз қозғалды. Ал, Қайрат Дәлбеков осы мәселелерге байланысты облысқа қарасты барлық қала-аудандарда келелі кездесу өткізетінін тілге тиек етті.

«Полицейлерден үнемі халықпен тығыз байланыс орнатуды, халыққа жанашыр, қолдаушы болуды талап етемін. Жұртшылықтың мәселелерін шешуге баса назар аудара отырып, халықпен тікелей диалог құру және нығайту мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді»,- деді Қайрат Дәлбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT