Полицейлер жыл сайын тәртіп бұзған 100 мыңға жуық жасөспірімді ұстайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жасөспірімдер көбіне қандай құқық бұзушылықтарға барады? Баласын қадағаламаған қанша ата-ана жауапқа тартылды? Аталған сұрақтарға Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицейлер жыл сайын түрлі құқық бұзушылық жасаған 100 мыңға жуық жасөспірімді ұстайды. Олардың дені түнгі уақытта ата-анасынсыз қыдырып немесе ойын-сауық орындарында жүреді. Осы орайда жыл басынан бері 31 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 800-ге жуық кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Әсет Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл 2 мыңға жуық жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жіберілген.

«Бала тәрбиелеу және оның құқығын қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 3,5 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Осы орайда балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызға ие. Мысалы, спорттық секциялар мен шығармашылық үйірлерге беру тағы сол сияқты», - дейді ІІМ өкілі.


Соңғы жаңалықтар