Полицейлер жеті атыс қаруы мен 250-ден астам оқ-дәріні тәркіледі - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары өңір тұрғындарынан атыс қарулары мен оқ-дәрілерді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер Глубокое, Алтай, Бесқарағай аудандарының және Риддер қаласының тұрғындарынан заңсыз сақталған жеті қаруды анықтап, тәркіледі. Оның ішінде 3 шолақ мылтық пен 250-ден астам оқ-дәрі бар.

«Риддердегі 63 жастағы ер адамның гаражынан 28-калибрлі, екі ұңғылы пневматикалық мылтық табылды. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, қару атуға жарамды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметовтің айтуынша, заңсыз айналымдағы қарумен болашақта қылмыс жасалуы да әбден мүмкін еді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар