Полицейлер павлодарлықтарды айықтырғыштан кейін үйлеріне жеткізуді жоспарлауда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімімен кездесу барысында жергілікті полиция қызметі айықтырғыш мәселесін талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарлық медициналық айықтырғышта дұрыс жұмыс жасауға мүмкіндік жоқ, деп хабарлады полицейлер Болат Бақауовқа.

«Орталықта барлығы 24 орын ғана, - деп атап өтіледі хабарламада. - Осыған орай 60 орынға дейін кеңейту керек немесе азаматтарды айықтырғыштан кейін үйлеріне жеткізу қажет».

Полицейлер айықтырғыш емдеу шараларын облыстық наркологиялық диспансердің ғимаратында өткізуді де ұсынды. Юрий Колесниковтың айтуынша, өңірлік денсаулық сақтау басқармасында бұл ұсыныс қолдау тапқан және сәйкес жоба дайындалуда.

Жиналыс барысында облыс әкімі жергілікті полиция қызметінен қоғамдық тәртіпке баса назар аударуды талап етті. 

Соңғы жаңалықтар