Полицейлер өтірік шағым жасаған қызды ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті қыз жоғалған ұялы телефонының орнын толтыру мақсатында полицейлерге ұялы телефонының ұрланғаны туралы жалған мәлімет берген. Қыздың айтуынша, телефонды күйеуі екеуін бір жерге апарып тастаған белгісіз адам ұрлаған.

Полиция қызметкерлері тексеру шаралары кезінде күдіктінің белгісіз адамды кінәламақ болып, полицейлерді шатастырып, жалған мәлімет бергенін анықтады.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 419-бабы ( Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұсталған әйел кінәсін мойындады, оның астана аумағындағы осы секілді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар