+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Полицейлер мен волонтерлер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты

2020 жылғы 24 ақпан 21:26
Бөлісіңіз:
Полицейлер мен волонтерлер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинс қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері волонтерлермен бірге жазғызбасты зейнеткерлерге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мың алғыс: Шымкентте ассамблея өкілдері 1 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті Мәжіліс депутаттары Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді Елімізде бірыңғай қайырымдылық жасау платформасы пайда болады

Биылғы жауған қалың қар қарт адамдар, әсіресе туған-туыстары жоқ қариялар үшін айтарлықтай қиындық туындатты. Олар дүкенге баруға не көршілерден көмек сұрау үшін үйлерінен шыға алмай қалған. Мұндай зейнеткерлерге Шахтинск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке келді.

Тәртіп сақшылары Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен байланысып, жеке секторда тұратын және көмекке мұқтаж зейнеткерлер тізімін алған. Олардың арасында қаланың тоғыз қарт тұрғыны болды.

«22 ақпанда Шахтинск қаласының ПБ жеке құрамы еріктілермен бірге осы зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалап, ретке келтірді. Қарттар қамқорлық көрсетіп, оларға көңіл бөлген полицейлерге алғыстарын айтты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің айтуынша, бұл акция әлі де жалғасын табады. Ал қажет болған жағдайда, қайта көмекке келуге дайын екендерін жеткізді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT