Полицейлер мен еріктілер іздеу салған бала сауда орталығында жүрген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданында жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін 10 жасар Сурен Авагян Қостанай ауданында үйінен шығып кетіп, оралмаған. Өзімен қалта телефоны болмаған. Ата-анасы полицейлерге арыз жазып, кейін еріктілермен бірге іздеуге шыққан.

Кешкі сағат 20.40 шамасында агенттік тілшісіне жоғалған оқушының әпкесі Анна Авагян хабарласып, оның табылғанын айтты.

Анықталғандай, інісі қаладағы сауда орталықтарының бірінде қыдырып жүрген. Үйіне такси жалдап, өзі келген. Қазір жағдайы жақсы.

Баланың табылғаны жөнінде полицейлерге хабар берілді. 

Соңғы жаңалықтар