+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ақтау полицейлері ауруханадағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады

2021 жылғы 8 наурыз 07:38
Бөлісіңіз:
Ақтау полицейлері ауруханадағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміндегі өртті сөндіріп, іштегі науқастарды сыртқа шығаруға көмектескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымбұлақ шыңынан алты турист құтқарылды «Ертіс орманы» резерватындағы өрт: 130 өрт сөндіруші тілсіз жаумен арпалысып жатыр ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 13 адам жауапқа тартылды

Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоні қызметкерлері 7 наурызда сағат 23:20-да Маңғыстау облыстық ауруханасына адам жеткізген.

«Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары - Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген», делінген блыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме таратқан хабарламада.


Рота командирі Н.Қожбанов пен аға лейтенант Е.Раманқұлов оларға жедел көмекке келіп жеткен. Қызметкерлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен өз күшімен өртті сөндіруге кіріскен.

«Төртеуі медицина қызметкерлеріне жәрдемдесіп қабылдау бөліміндегі барлық науқасты сыртқа шығарған. Полиция қызметкерлері өрт сөндірушілер келіп жеткенше жалынды сөндірді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», делінген хабарламада.

Фото/tumba.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT