+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Полицейлер құқық бұзған елордалық екі тұрғынды әуе рейсінен түсіріп алды

2020 жылғы 23 қаңтар 16:47
Бөлісіңіз:
Полицейлер құқық бұзған елордалық екі тұрғынды әуе рейсінен түсіріп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері «Эйр Астана» және «Скат» әуе компанияларының рейстерінен әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынын түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалық өнерпаз ғимараттарға ерекше ажар берудің тәсілін тапты Елордада азаматтарды қабылдау кезінде қандай жобалар ұсынылды Нұр-Сұлтаннан сыртқа шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Скат» АҚ өкілінен «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінің бортында құқық бұзушының бар екендігі туралы хабарланған.

«Тексеріс кезінде көлік полицейлері құқық бұзушының 1978 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екенін анықтады. Ер адам мас күйінде жан-жағында адамдарға былапыт сөз айтып, өзін ашулы ұстаған, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушылардың мазасын алған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ол «жеңіл дәрежедегі» мас күйінде болған», - деп хабарлайды департаменттен.

Бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде болу) бойынша хаттама толтырылып, оған 5 АЕК көлемінде (13 255 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

«Бұдан басқа, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша тағы да бір әкімшілік іс қозғалды. Арнайы мамандандырылған аумақтық әкімшілік сотының шешімімен оған 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сол күні Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясының өкілінен «Алматы – Нұр Сұлтан» бағытындағы әуе көлігінің бортында жолаушы ер адамның ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны туралы екінші хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында полицейлер 59 жастағы елорда тұрғыны бортсеріктердің ескертулерін елемей, ұшақ бортында электрондық темекі шеккенін анықтаған. Аталған әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушы рейстен түсіріп алынды», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша полицейлер ҚР ӘҚБтК 441-бабы 1-2-бөлігі (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша хаттама толтырылып, құқықбұзушыға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, ҚР ІІМ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT