Полицейлер Қостанайда өлтірілген қыздың әкесін тергеу изоляторына алып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары Қостанай қаласында өлтірілген 9-сынып оқушысының әкесін тергеу изоляторына алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеев айтқандай, өлтірілген қыздың әкесі бүгін түстен кейін шығарылды.

«Оған ота жасалды. Тиісті емдеу шаралары қолданылды. Оны бүгін түстен кейін полицейлер алып кетті», - деді Ю. Моисеев.

Еске салсақ, 17 наурызда Қостанайда №11орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кеткен болатын.

Сол күні оқушының әкесі дене жарақатымен облыстық ауруханаға түсті.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь хабарлағандай, оқушының өліміне қатысты іс бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті белгілі болды.

Ол - 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны.

Ведомствода мәлім етілгендей, оқушының жеке өміріне қатысты мәліметтерін тарату және бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

Соңғы жаңалықтар