Полицейлер КамАЗ-ды тротуармен айдаған жүргізушіні ұстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы аялдамалардың бұзылуына КамАЗ жүргізушісі кінәлі. Бұл туралы Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» парақшасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» парақшасында жол-көлік оқиғасы туралы видео жарияланған. Онда видео авторы «Қар тазалағыш КамАЗ жол ережесін бұза отырып аялдаманы қиратып кеткен» деп жазба қалдырған.

Видео авторының хабарлауына қарағанда, оқиға Қорғалжың тас жолындағы «Тайм» жанар-жағармай құю бекетіне жақын маңда тіркелген. Аялдама павильонын КамАЗ-дың қағып кеткені түсірілмеген. Алайда видеода қар тазалағыш техниканың жаяу жүргіншілер (тротуар) жолымен келе жатқаны анық көрінеді. Астаналық тәртіп сақшылары жүргізушінің кім болғанын анықтады.

«Аталған жағдай бойынша Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасымен жаяу жүргіншілер жолымен көлік жүргізген жүргізушінің кім екені анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар