+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Полицейлер із-түзсіз жоғалған 5 қарағандылықты тапты

2021 жылғы 18 мамыр 22:34
Бөлісіңіз:
Полицейлер із-түзсіз жоғалған 5 қарағандылықты тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 17 мамырда Қарағанды облысы Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне жақын туыстарының жоғалып кеткенін мәлімдеген 5 азамат жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жоғалған туристер: Тағы бір адамның мәйіті табылды

Облыстық ПД-ның аумақтық бөлімшелеріне бір күнде өңірдің бес тұрғыны жүгініп, туыстарының жоғалғаны туралы хабарлаған. Бұл жағдайлар бір-бірімен байланысты емес.

Мәселен, Шахтинск қаласының полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ол 24 жастағы жұбайының жоғалып кеткенін айтты. 15 мамырда ол үйінен кетіп, оралмаған. Әйелінде екі ұялы телефон болған, бірақ барлық құрылғылар қандай да бір себептермен баланыстан тыс болған. Күйеуі дабыл қағып, алдымен оны өз бетінше табуға тырысқан. Тіпті әлеуметтік желілерде көмек сұраған. Бірақ өз бетінше іздеу жұмыстары сәтсіз болғандықтан, ер адам полицияға жүгінген.

«Жоғалған әйелді бірнеше топ іздеуге кірісті. Біраз уақыттан кейін ол Қарағандыдан табылды. Өтініш берушінің әйелінің айтуынша, оның уақытша кетіп қалуына отбасындағы қарым-қатынас себеп болған», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Дәл осындай себеппен Абай қаласының 31 жастағы тұрғыны 15 мамыр күні кешке үйінен кетіп қалған. Әйел достарына қонаққа кіріп, сол жерде қалып қойған. Оның жоғалып кеткені туралы полицияға 61 жастағы анасы хабарлады. Полиция жоғалған адамның орналасқан жерін бірнеше сағаттан соң анықтаған.

Бір тәуліктен астам уақыт бойы Қарағандының 16 жастағы тұрғыны да іздестірілді. Ол досының үйіне барып, сол жерде қалып қойған. Алайда 56 жастағы анасына ол жайлы ескертпеген. Қызды туыстары мен полицейлер іздеп, тауып алды.

16 мамыр күні кешке 46 жастағы қарағандылық серуендеуге шығып, үйіне оралмаған. Бұл туралы оның 33 жастағы әйелі хабарлады. Әйел түні бойы жұбайын күтіп, үйіне келмеген соң оған іздеу жариялап, полицияға жүгінген. Хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестірумен Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері айналысты. Ер адам табылды, ол достарында болғаны анықталды.

Ал 17 мамыр күні сағат 18.14-те Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны 12 жастағы немересінің сағат 12.30 шамасында үйден кетіп, қайтып келмегені туралы хабарлаған.

Хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмаған баланың тұрған жерін анықтау мақсатында полиция бөлімінің жеке құрамы мен құзырдағы барлық қызметтері бағдарланды. Жеті іздеу тобы құрылды. Олар дереу қаланың барлық аудандарында іздеу жұмыстарын жүргізе бастады. Сондай-ақ, Октябрь ауданының прокуратурасының еріктілері мен қызметкерлері құқыққорғау органдарына көмек көрсете бастады.

«Іздеу шаралары барысында төрт сағаттан кейін полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық прокуратура бөлімінің прокурорымен бірге Қарағанды қаласы Ермеков көшесінде кәмелетке толмаған баланы тапты. Жүргізілген профилактикалық әңгімелесуден кейін қыз ата-анасына қайтарылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT