Полицейлер «FIVE WINDS Asset Management» компаниясының өкілдерін іздеп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полициясы өзін «FIVE WINDS Asset Management» компаниясының өкілі ретінде таныстырған алаяқ әйелдің құрығына түсіп, алданған адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылғы 1 ақпан мен 2018 жылғы 30 мамыр аралығында 40 жастағы әйел қаржы пирамидасын құрып, азаматтарды алдап келген. Алаяқ «FIVE WINDS Asset Management» компаниясының төлемдері тоқтатылғанын алдын ала біле тұра, инвестициялық қоржын ашқан. Қостанайдың ішкі істер істер басқармасында күдікті әйелдің әрекеттерінен зардап шеккен 20 шақты адамның арызы тіркелген. Шығын сомасы 20 миллион теңгеден астам», - деді Ішкі істер департаментінің өкілі.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-ші бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция «FIVE WINDS Asset Management» компаниясының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен облыс тұрғындарын Қостанай облысының ішкі істер басқармасына 52-60-54, 8 775 968 04 72 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар