Полицейлер есірткі саудагерлерін әшкерелеу үшін 8 ай бойы мектеп оқушылары болып жүрген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Техас штатындағы Хьюстон қаласының маңында бірнеше полицей таяуда мектеп партасына қайта отыруға мәжбүр болды. Алайда олар бұған білімдерінің жетіспеуі салдарынан емес, жасөспірімдердің арасында есірткі саудалаған қылмыстық желіні әшкерелеу мақсатымен барған.

The News York Post газетінің хабарлауынша, іс-қимылдар сегіз ай бойы бірнеше мектепте жүргізіліп, өте табысты болып шықты. Құқық қорғау органдары еліртетін у сатқан жоғары сыныптардың алты оқушысын қамауға алды. Ұсталғандар 17-18 жастағы азаматтар болып шықты. Оларды тексеру кезінде кокаин, марихуана және синтетикалық есірткінің үлкен көлемі анықталды.

Соңғы жаңалықтар