Полицейлер бәтеңкенің орнына кроссовка кие алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан полициясы жаңа жұмыс киіміне ауысып жатыр. Мысалы, бұрын аяқтарына бәтеңке кисе, қазір «кроссовкамен» жүруге рұқсат беріліп отыр. ҚазАқпарат тілшісі сақшылардың жаңа форманы қалай қабылдағанын өздерінен сұрап көрді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сенсек, 17 өңірдің бәрінде сақшылар жаңа формаға ауысып жатыр. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің 48%-ы, учаскелік полицейлердің 51%-ы жаңа формамен жұмысқа шығып жүр.

«Арнайы форма желісі бүкіл полция қызметкерлеріне арналған. Бюджеттің бөлінуіне қарай кезең-кезеңмен түгел қамту жоспарланып отыр. Қызметіне қарай патрульдік полицияға бөлек, сыртқы қызметтерге бөлек, учаскелік полицейлерге бөлек, басқару аппаратына бөлек дизайн мен конструкция әзірленеді», - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері бұл жолғы форманы жобалау кезінде нақты бір елдің тәжірибесіне басымдық бермеуге тырысқандарын айтты. Әр элементі әр түрлі елдің үлгісіне ұқсатылған. Негізгі басымдық киімнің қолданысқа қолайлы, киіп жүруге ыңғайлы болуына негізделген.

Қызметтер санатынан бөлек жазғы, маусымаралық, қысқы түрлері деп бөлінген және «POLISIA» деген жазу жарық шағылдыратын бояумен әрленген. Патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың, сыртқы қызмет өкілдерінің қалпақтар мен аяқкиімдері, үстіңгі формаасы әркелі етіп жасалған.

Сақшылардың аяқкіимінің формасы бірінші рет өзгеріске ұшырап отыр. Үйреншік туфли мен бәтеңкенің орнына «кроссовка» киюге рұқса беріліп отыр. Полиция өкілдері жаңа форманың өте ыңғайлы, қолданыса икемді екенін айтады. Жаңа аяқкиім табанға жақсы жатқанымен қоса буын шығып, жарақат алудан сақтайтын көрінеді. Тіпті жергілікті полиция өкілдерінің жеңіндегі жазулар да жаңаша дизайнмен жазылған.

«Жетондар мен эмблемалар, жұлдыздар мен кокардалар матадан әдіптелген. Форманың тұтас сұлбасында жарық шағылдыратын белгілердің болуына бас мән берілді.

Полиция өкілдерінің күнделікті фуражкасының көлемі де кішірейтілген. Ал шалбардағы қызыл түсті жіңішке сызықтың орнын алыстан көрінетін жалпақ, ақшыл түсті жолақ басты», - деп түсіндірді сақшылар.

Учаскелік полиция өкілдеріне арнап жеке форма әзірленген екен. Ведомстводағылар оның іскерлік стильге жақындау бірақ қолданысқа икемді етіп жасалғанына сенімді. Ал бақрау аппаратындағы қызметкерлердің формасын жобалау кезінде қатаң іскерлік стиль мен салтанаттың үндесуіне көңіл бөлінген. Шығындарды азайту үшін полковниктерге арнап қаракөл елтірісінен тігіліп келген киім фрагменттері қолданыстан алынған. Ал әйел қызметкерлердің формасы қызметтік көйлекпен толықты.


Соңғы жаңалықтар