Полицейлер айыппұл сала алмайтын VIP рұқсатым бар деп мақтанған қыз жазаланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдары Алматы облысы тұрғынының жол ережесін бұзғаны көрсетілген интернет желісіндегі видеоны тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол ережесін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқы бұзу кодексінің мына баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

- 597-баптың 4-бөлігі (Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жерде тоқтап тұру);

- 599-баптың 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту);

- 590-баптың 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз автокөлік құралын басқару).

«ІІМ-нен алынған VIP-пропускты» ол Instаgram-да тапсырыспен алған.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысының білім басқармасы аталған Аружан Насимованың облыстың білім мекемелерінде жұмыс істемейтінін хабарлады.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Соңғы жаңалықтар