Полицейлер аязды күндері елордалықтарға көмек көрсетуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар басталғалы еліміздің бас қаласында қақаған аяздың беті қайтпай тұр. Қыс қаһарына мінген шақта елорданың тәртіп сақшылары көшелердегі қоғамдық тәртіпті қадағалап, қауіпті жағдайлардан халықты сақтандыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аязды күндері саптық бөлімше қызметкерлері аялдамаларда автобус күткен азаматтарды алып кетіп, үйіне дейін жеткізіп тастап жатыр. Сонымен қатар автокөлігі оталмай қалған азаматтарға да қолғабыс көрсетілуде. Тәртіп сақшылары одан бөлек жалғызбасты зейнеткерлердің үйінің қарын тазалауда.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті күннің күрт сууына байланысты жоспарлы сапарларды кейінге қалдыруға шақырады. Алыс сапарға шықпай тұрып, автокөліктің техникалық жай-күйін тексеріп шыққан абзал», - деп ескертеді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар