Полицейлер Астанадағы құрылыс базарын тексеріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы құрылыс базарын полиция қызметкерлері тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана ішкі істер депараментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін құрылыс нысандарынан, ұйымдардан, гараждар және басқа жерлерден ұрланған заттарды анықтау мақсатында құрылыс материалдары базары, Тәуелсіздік даңғылының бойында, базар аумағында орналасқан автомашиналарға қызмет көрсету станциялары тексерілді», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

ІІД өкілдерінің айтуынша, шара барысында құжатсыз сатылып жатқан ондаған құрылыс құралдары мен аккумуляторлар тәркіленген, ал сатушылар олардың қай жерден әкелінгенін айта алмаған. Бұдан тыс, тәркіленген 3 велосипедтің бірі бұрын ұрланған болып шықты.

Тәркіленген заттар бойынша тексеріс басталды. Сондай-ақ, бірқатар әкімшілік және көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды, енді оларға қатысты процессуалдық шешімдер шығарылады.

Астана полицейлері қала аумағында бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы 2018-2020 жылдарға арналған іс-қимылдар кешенді жоспарын және бағдарламасын іске асыру аясында жоспарлы «Сатып алу» жедел алдын алу шарасын, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар