Полицейлер арасындағы дүниежүзілік ойындарда Ресей намысын қорғаған спортшы киім ұрлағаны үшін ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 жастағы Руслан Ризаев АҚШ-та құны бірнеше мың доллар болған тауарды ұрламақ болғаны үшін ұсталды.

Ресейлік полиция қызметкері 1,5 мың доллар кепіл ақша берген соң жіберілді, оның төлқұжаты тәркіленді. Алдын ала тыңдау келесі аптада өтеді. Вирджиния штатының заңы бойынша, 200 доллардан қымбат заттарды ұрлау қылмыстық жаза болып саналады.

РФ-ның Вашингтондағы баспасөз қызметінің өкілі қамауға алу фактісінен бейхабар болғандықтан, бұл жағдайды түсіндіруден бас тартты, деп хабарлайды Washington Post.

Полицейлер мен өрт сөндірушілер арасындағы дүниежүзілік ойындарда Ризаев Татарстан Республикасының хоккей құрамасында болды. Ол ЖХЛ-да кәсіби деңгейде бірнеше маусым өткізген.

Соңғы жаңалықтар