Полицейлер Алматы тұрғынының үйінен жарты келіден астам есірткі тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы арнайы жедел-іздестіру операциясы барысында Алматы тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары оның үйінен жарты келіден астам есірткі заттарын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы ер адам әкесімен бірге тұрады. Полиция  оның  есірткі сатумен айналысып келгенін анықтады. Бірнеше күннен соң күдікті ұсталды. Түрксіб ауданындағы үйден иісшіл иттердің көмегімен салмағы 300 грамм болатын сұр түсті  ұнтақ зат, салмағы 200 грамм болатын өсімдік тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптама бұл заттардың героин мен марихуана екенін анықтады. Күдікті есірткі заттарын мұқият жасырған. Алайда иісшіл иттер оны бірден тауып алды», - деді Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілі Ерлан Алмағамбетов.
null 

Күдіктінің үйінен жалпы алғанда 1 мың 395 доза есірткі табылған.

«38 жастағы ер адам мұның алдында да есірткі сақтап, сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, өзі де нашақорлар есебінде тұрған.

 Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазір полиция аталған заттардың қалаға жету каналдарын анықтап жатыр», - деді подполковник Алмағамбетов.

null null null 

Соңғы жаңалықтар