Полицейлер 4 жасар қызды қауып алған иттің иесін таба алмады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 4 жасар қызға тап берген ит иесіз болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдықорғанның полицейлері иттің иесін анықтау мақсатында оқиға болған жердегі үйлердің тұрғындарына сұрау салып, жұмыстар жүргізген еді. Бірақ төрт аяқты жануар иесіз болып шықты. Соңынан қаңғыбас ит арнайы мамандардың қолына тапсырылды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Талдықорған қаласында балабақшадан қайтып келе жатқан кішкентай балаға көшедегі ит тап бергенін хабарлаған болатынбыз. Абырой болғанда сол маңдағы адамдар 4 жасар қызды қабаған иттен арашалап алған. 

Соңғы жаңалықтар