+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Полицейге пара ұсынған семейліктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

2020 жылғы 18 ақпан 18:29
Бөлісіңіз:
Полицейге пара ұсынған семейліктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны тәртіп сақшысына 6 мың теңге пара бермек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте полицейге пара бермек болған тұрғын ұсталды Шымкентте пара алған тергеушіге делдал болған адвокат анықталды

«ВАЗ-2108» маркалы автокөлік жүргізушісі Қаржаубайұлы және Мичурин көшелерінің қиылысында маневр жасау қағидаларын бұзған. Мұны байқаған полицей оны тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырмақ болады.

«36 жастағы ер адам патруль көлігінің ішінде полиция қызметкеріне пара ұсынған. Тәртіп сақшысы оған лауазымды тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Алайда ол бұған құлақ аспай, алдыңғы оң жақ орындықтың астына 6 мың теңге тастаған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабы бойынша іс қозғалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT