Полицейге пара бермек болып, басы пәлеге қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда полиция қызметкеріне пара бермек болған азаматтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы облыстық ЭҚСЖҚД баспасөз қызметінен хабарлады.

Биылғы жылдың 11 мамырында ЭҚСЖКД-ге Көкшетау қалалық ІІБ учаскелік инспекторынан азамат Мұқышевтың анасын лицензиясыз алкогольдік ішімдік сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін пара ұсынбақ ниетте екені жөнінде баянаты түскен.

Осыған байланысты Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу шарасы барысында азамат Мұқышев Көкшетау қалалық ІІБ учаскелік инспекторына 30 мың теңге көлемінде пара ұсынып жатқан жерінде қолға түсті.

Қазіргі кезде Мұқышевтың үстінен сотқа дейінгі ҚР ҚК 312-бабының 2-бөлімі (Лауазымды тұлғаға пара беру) бойынша қозғалған қылмыстық іс аяқталып, Көкшетау қалалық сотының қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар