+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Полицейге 2 мың теңге пара ұсынған ақтөбелік 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

2018 жылғы 24 қыркүйек 13:00
Бөлісіңіз:
Полицейге 2 мың теңге пара ұсынған ақтөбелік 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік қауіпсіздік белбеуін тақпай, жол ережесін бұзғаны үшін 2 мың теңге пара бермек болды. Енді ол 481 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Есет батыр мен Тілеу батыр көшелерінің қиылысында жол полициясы қауіпсіздік белбеуін тақпаған жүргізушіні тоқтатады. Әкімшілік жауапкершіліктен оңай құтылып кетпек болған жүргізуші жол полицейіне 2 мың теңге ұсынды.

«Ақша ұсынған ақтөбеліктің іс-әрекеті бейнетіркеуге түсіп қалған. Нәтижесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 676-бабы бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Іс Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Енді жол ережесін бұзған ақтөбелік 481 мың теңге айыппұл төлейді»,- деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT