Полицейдің жағасынан алған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицейдің жағасынан алған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Қонаев-Жібек жолы көшесінде болған. Көлігін тұраққа дұрыс қоймаған жүргізуші ескерту айтқан полицейдің жағасына жармаса түскен. Бұл видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.
Оған қатысты ҚР ӘқбК 601-бабының 1-бөлімімен іс қозғалып, 3 АЕК мөлшерінде айып тағылды.
«Полиция қызметкерінің құжатты көрсету туралы талабына агрессиямен жауап берген. Онымен қоса былапыт сөз айтып, қорқытуға тырысқан. Құқықбұзушы ҚР ҚК 378-бабы бойынша заң өкіліне тіл тигізу, қол жұмсау қылмысын жасады. 33 жастағы ер адамға қатысты тергеу ісі тіркелді. Қазір Медеу аудандық ІІБ анықтау бөлімі тиісті сараптама жасайтын болады», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ер адам өзінің іс-әрекеті үшін полиция қызметкерінен кешірім сұраған.
«Жүргізушілердің мәдениетсіздігі мен тәртіпсіздігі онсыз да қым-қуыт жол ахуалын ауырлата түседі. Қалада күніне 900 мың көлік жүреді. Осындай көлік ағынын реттеу оңай емес. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың алдын алу үшін күнде арнайы рейд операцияларын жүргізіп тұрады», - деді С.Әзірбек.
Айта кету керек, өткен жылы 81 мың 955 рет тұрақ ережесі бұзылған. Жүргізушілерге 691 млн 612 мың 662 теңге көлемінде айыппұл салынды.
- Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
- Алматы соты әлеуметтік желіде тараған "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады
- Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
- Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
-
Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды
-
Алматы тауларында бір жылда 80-нен астам адам құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам