+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Полицейді жағадан алған жүргізуші көліктің бұрынғы иесін алдап кеткен

2018 жылғы 18 қаңтар 18:57
Бөлісіңіз:
Полицейді жағадан алған жүргізуші көліктің бұрынғы иесін алдап кеткен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицейді жағадан алған жүргізушіні BMW X5 бұрынғы иесі алаяқтық жасады деп айыптады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Шатақ жүргізуші BMW X5 көлігінің бұрынғы иесі, Қырғызстан азаматына 10 мың АҚШ долларын төлемеген.

Әлеуметтік желіден видеоны көрген Қырғызстан азаматы борышкерді танып, полицияға арызданды.

«Полиция Осмонов деген азаматтан ҚР ҚК 190-бабы бойынша арызды қабылдадық. Іс бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Қалалық ІІД тергеу бөлімінің қызметкерлері 2 жыл бұрын болған мәміленің қыр-сырын тексеріп жатыр», - деді С.Әзірбек.

Айта кету керек, Алматыда полицейдің жағасынан алған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Қонаев-Жібек жолы көшесінде болған. Көлігін тұраққа дұрыс қоймаған жүргізуші ескерту айтқан полицейдің жағасына жармаса түскен. Бұл видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.

Оған қатысты ҚР ӘқбК 601-бабының 1-бөлімімен іс қозғалып, 3 АЕК мөлшерінде айып тағылды.

«Полиция қызметкерінің құжатты көрсету туралы талабына агрессиямен жауап берген. Онымен қоса былапыт сөз айтып, қорқытуға тырысқан. Құқықбұзушы ҚР ҚК 378-бабын бойынша заң өкіліне тіл тигізу, қол жұмсау қылмысын жасады. 33 жастағы ер адамға қатысты тергеу ісі тіркелді. Қазір Медеу аудандық ІІБ анықтау бөлімі тиісті сараптама жасайтын болады», - деді қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Ер адам өзінің іс-әрекеті үшін полиция қызметкерінен кешірім сұраған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT