Полицейді ұрған мас адамға қатысты істі прокуратура қайта қолға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Полиция департаменті негізсіз тоқтатылған іс бойынша Медеу аудандық прокуратурасына істі қайта қарау туралы арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, WhatsApp желісінде тарап кеткен видео биыл қаңтарда Алматыдағы наркологиялық диспансерде болған.
Мас ер адамды полиция медициналық сараптамадан өткізу үшін наркодиспансерге алып келген. Ер адам сол жерде полицейге қол көтеріп, балағаттаған.
«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ІІБ ҚР ҚК 378-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған еді. Кейін іс қылмыс құрамының жоқтығынан тоқтап қалды. Қазіргі таңда Алматы полиция департаменті Медеу аудандық прокуратурасына аталған істі қайта қозғау туралы өтініш тастады. Қылмыстық істің негізсіз тоқтатылуына байланысты сотқа дейінгі тексеру басталды. Айыпты тұлғалар жауапкершілікке тартылады», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар