Полицейді мас жүргізуші көлігінің капотында бір жарым шақырымдай сүйреткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеу органдары Озерскідегі (РФ, Челябі облысы) жол патрульдік қызметінің инспекторы зардап шеккен жол-көлік апатынан кейін қылмыстық іс қозғады.

РФ ІІМ өңірлік ММ баспасөз қызметі бейсенбі күні жол-патрульдік қызмет жасағы тәртіп бұзған ВАЗ-2106 автомобилінің жүргізушісін ұстамақ болғанын хабарлады.

Тоқтатуға әрекет жасаған инспекторды ол өзінің машинасының капотында  шамамен 1,5 шақырымға дейін сүйреткен. Салдарынан полиция қызметкерінің басы  зақымданып, қолдары жарақаттанған.

Кейін анықталғандай, 22 жасар жеңіл көлік жүргізушісі мас болған. Полиция қызметкерлері оны ұстап, тұтқындады. Атап өтілгендей, оқиға 1 қаңтар күні жергілікті уақытпен 5:30-да орын алған. 

Соңғы жаңалықтар