Полицейді балағаттаған маңғыстаулық 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының тұрғыны полицейді балағаттап, істі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түпқараған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ш. 02.08.2020 жылы Форт-Шевченко қаласында мас күйінде полиция қызметкерін балағаттап, қорлаған. Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Сот үкімі 16 күркүйекте заңды күшіне енді.



Соңғы жаңалықтар