Полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кәмелетке толмаған үш баланың анасы өмірін арашалап қалған учаскелік полиция инспекторына алғысын білдірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Железин ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Жүсіпов үш кәмелетке толмаған үш баланың анасын құтқарып қалған.

«Кезекті кезекшілік барысында сағат 22:42 шамасында учаскелік полиция инспекторы Руслан Жүсіповке кезекші бөлімінен Ертіс өзені жағасында әйел адамның беліне дейін суда тұрғаны жайлы хабарлама келіп түседі. Ертіс өзені жағасына келіп жеткен 29 жастағы учаскелік полиция инспекторы бір сәтте қарап тұрмастан суға түскен бойы оны шығарып алған»,- деді баспасөз қызметінде.

Өз өмірін қиғысы келген 37 жасар Железинка ауылының тұрғыны жұбайымен сөзге келіспей, суға бату жолымен қорқытпақшы болған. Әйел адам медицина қызметкерлеріне тапсырылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әрі қарай аурухана психологтарымен кеңес өткізілді.

«Өмірін ажалдан арашалап қалған учаскелік полиция инспекторы Русланға үш баланың анасы алғысын білдірді. Полиция қызметкері оқиға орнына жедел түрде жетпеген жағдайда қайғының алдын алу мүмкін болмас еді», - деді департаментте.

Айта кетейік, полиция аға лейтенанты Руслан Жүсіпов ішкі істер органында 2016 жылдың тамыз айынан бастап қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар