Полицей Нұржан Омаров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицей Нұржан Омаров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторының көмекшісіне марапатты қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапат Нұржан Омаровқа көлікті тонамақ болған қылмыскерді ұстағаны үшін берілді.

Еске сала кетсек, оқиға өткен жылдың 17 қазанында түскі уақытта болды. Қала орталығындағы автотұрақтардың бірінде жолда кетіп бара жатқан қос полицей көліктерді тіміскілеп жүрген екеуді байқап қалады. Тәртіп сақшылары күдіктілерге жақындап, құжат сұрағанда әлгі екеудің тарапынан қарсылыққа тап болған. Полицейлер оларға құжаттарын көрсеткенде, сезіктілер оны көздеріне де ілмеген. Өздерін таныстырудан бас тартқан. Қызметтік көлікке қарай өту туралы полицейлердің өтінішінен кейін екеуі екі жаққа қаша жөнелген. Екінші күдіктіні қуып кеткен Нұржан Омаровтың әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қашып бара жатқан жігітті қуып жеткен полицейді сезікті бірнеше жерінен пышақтаған. Соған қарамастан ол қашқынды тырп еткізбей ұстап, полицияға жеткізген. Аға лейтенант көп қан жоғалтып, оған бір жарым сағат бойы ота жасалды.

null

Соңғы жаңалықтар