+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Полицей күнделігі: Суицидке бел буған бойжеткен, курсант ерлігі

2019 жылғы 19 маусым 17:56
Бөлісіңіз:
Полицей күнделігі: Суицидке бел буған бойжеткен, курсант ерлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат міндетін мүлтіксіз орындап жүрген полиция қызметкерлері туралы мақалалар топтамасын жалғастырады.

«Асықпаңыз, аға-бауырларыңызды ойласаңызшы!» Полиция кіші сержанты Денис Комаровтың аузына жардан құлағалы тұрған қызды көргенде әуелі осы сөздер түскен еді.

Жексенбінің кешінде қар аралас жаңбыр жауып тұрған. Ауысымнан үйіне қайтар тұста тағы бір рет айналаны шолуға шыққан Денис Комаров Есілдің жағасынан әйел адамның сұлбасын байқап қалады. Тағы бір айналып көз тастағанда сұлбаның төмен түсіп бара жатқанын көреді. Сержант Есілдің бұл тұсында 30 метрлік жар бар екенін жақсы білетін. Ойына күдік ұялап, солай қарай беттейді.

Күдігі расқа айналып, жардың тура шетінде солығын баса алмай тұрған қызды көреді. Оған байқатпастан мысықтабандап жақындай берген еді. Кенет мұз қата бастаған жақпар тастан аяғы тайып, өзі де құлап кете жаздайды. Оны байқаған қыз, жақындамауын талап етіп, айғайға басады.

«Асықпаңыз! Үйде күтіп отырған жақындарыңыз бар шығар. Аға-бауырларыңызды ойласаңызшы», - дейді қапелімде аузына сөз түспеген сақшы. Қыздың сәл бөгелгенін пайдаланып, әріптестеріне рациямен хабар береді. Ар жақтан олар да мейлінше уақыт созуға кеңес береді. Қызды әңгімеге айландырып, еппен жақындаған сақшы оны қолынан ұстап, жардың жағасынан алысқа әкетеді.

«Кейін Денис Комаров құтқарған қыз 1997 жылғы бойжеткен екені анықталды. Осы оқиғаға байланысты «өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» фактісі бойынша тергеу жүргізілді. Кіші сержант Денис Комаров болса, ертеңінде қайта ауысымға түсіп, қызметіне кірісті», - дейді Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметінің өкілі Мәдина Балғашоқова.

Ал көші-қон қызметінің өкілі Дарина Сүлейменова үйде жалғыз қалған сәбиді ажалдан арашалап қалған. Оқиғаның мән-жайы Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті басшысының жеке блогына Петропавл қаласының тұрғынынан хат келіп түскенде белгілі болған.

Петропавлдық 4 жасар қыздың төртінші қабаттағы терезенің москиттік торына сүйеніп тұрғанын сол маңайдан өтіп бара жатқан Дарина Сүлейменова байқап қалады. Ол көп ойланбастан баламен дауыстап сөйлесе бастаған. Шуды жоғарғы қабаттағы көршілер де естиді. Бүлдіршін терезе алдынан кетуі үшін Дарина оларға пәтер есігіне барып қоңырау шалуын сұрайды. Өзге көршілері үйден көрпе алып түсіп, Даринамен бірге оны терезенің тұсына керіп тосады.

Құтқарушылар келгенде кішкентай қыз есіктегі қоңырауды естіп, терезеден алыстап кетеді. Осыны пайдаланып, құтқарушылар өрт сөндіру арқылы терезеден кіріп, баланы құтқарған.

Ал Қостанай қаласында Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 4-курс курсанты Оңайбек Оразақов қылмыс жасаған күдіктіні ұстаған.

Ол кешкілік Арыстанбеков көшесінің қарсы бетінен әйел адамның көмек сұрап айғайлаған дауысын естиді. Сөмкесін ұрлатқан әйелдің нұсқауымен қашқынның соңына түседі. Оңайбектің алдында тағы бір қуғыншы бар еді. Ек адамның соңына түскенін көріп, күдікті сөмкені тастай қашады. Қылмыскер айласы іске аспай, қолға түсті. Екінші қуғыншының полиция аға лейтенанты Жандос Раимбеков екенін Оңайбек кейін білді.

Курсант бола тұра, қырағылығымен көзге түскен Оңайбек тәртіп сақшысы болуға іштей дайын екенін ісімен дәлелдеді.

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы полиция сержанты Оңайбек Оразақовтың бұл әрекетін жоғары бағалап, марапаттауға ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Басқа меморгандар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT