Полицей Бағлан Рымжанов: Табиғатты қорғау - үлкен жауапкершілікті талап етеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Полиция күніне орай Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасында тиісті қорытындылар жасалып, табиғат қорғау бағытында үздік полицей анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, үздіктер қатарынан Алматы облысы ПД Табиғат қорғау полициясы тобының инспекторы Бағлан Қанашұлы Рымжанов көрінді.

«Бала кезімнен әскери салада қызмет етуді армандадым. Осыған байланысты сабағымды жақсы оқып, спортпен шұғылдандым. Біздің әулеттегі ер адамдардың көбісі погон тақты. Атам милицияда қызмет еткен, әкем Қанаш Рымжанов учаскелік инспектор қызметін атқарды. Айта кетейін, әкем Қаратал ауданының құрметті азаматы атағына лайықты болды. Құқық қорғаушы болуыма қылмыстық іздестіру саласында белгілі адам, ағамыз Талап Қадырбаев көбірек ықпал етті. Ол кісіні үлгі тұттым. Сондықтан біздің әулетте осы салада қызмет ету дәстүрлі түрде жалғасып келеді», - деді Бағлан Рымжанов.

Айта кетейік, Б. Рымжановтың екі жоғары білімі бар. Үйленген, екі баланы тәрбиелеп отыр.

Полиция капитаны Рымжанов табиғат қорғау саласында жақсы көрсеткіштерді көрсетіп келеді. Өткен жылы жеке ізге түсу арқылы қылмыстық құқық бұзудың жеті фактісін анықтады. 2020 жылы да ол елеулі істермен көзге көрінді.

Оның жетекшілігімен облыстың табиғат қорғау полициясы биылғы 5 айда 515 тәртіп бұзу жағдайын анықтап, оның 60-ы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалған 455-і әкімшілік құқық бұзу санатына жатқызылды.

Бағлан Қанашұлының атап өтуінше, табиғатты қорғау – үлкен жауапкершілікті талап етеді.


Соңғы жаңалықтар