Полицей ақтүтек боранда жүргізушілерге ескерту видеосын жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтүтек боранда қатты жел мен бораған қарға қарамастан жүргізушілерге сақ болуды ескертіп, жолдағы ахуалға байланысты есеп берген полицейдің видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«... ауданында ауа райына байланысты жол жабылды. Жел өте қатты, айнала толық көрінбейді, соған байланысты барлық жүргізушілерге жолға шықпай елдімекенде қала беруді сұраймын. Қар тазалау жұмысына «ҚазАвтоЖолдың» 16 техникасы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жолды тазартуға мүмкіндік жоқ, өйткені жолды қайтадан дереу қар басып қалып жатыр. Жамбыл облысы Полиция департаментіне қарасты жол-патрульдік батальонінің 17 экипажы жұмыс істеуде. Жолды тазарту мүмкін емес. Тағы бір мәрте құрметті жүргізушілерден сұрайтыным, жолға шықпай елдімекенде болыңыздар», - дейді бейнероликтегі полицей.

Айта кетерлігі, 22 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылған еді. 26 көлік жолда қалып қойған болатын.

Еске сала кетсек, ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды алыс сапарға шығуды кейінге қалдырып, жол үстінде аса сақ болуын сұрайды.

Бүгін Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облысының аумағындағы жолдар жабылды. Жергілікті төтенше жағдайлар және полиция департаменттері жолдарды бақылауға алып, арнайы көлік тұрақтары мен жолаушыларды жылыту бекеттерін белгіледі.

Сонымен қатар, 23 желтоқсанда Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған.

Соңғы жаңалықтар