Полицей 2 баласымен көшеде қалған елордалық әйелге пәтерақысын төлеп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкері екі баласымен көшеда қалған әйелдің пәтерақысын төлеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 жастағы әйелді кезекті дау-дамайдан кейін жолдасы 4 жасар қызы мен 4 айлық ұлымен қоса үйден қуып шыққан. Қалада не туысы, не танысы жоқ әйел учаскелік полиция инспекторынан көмек сұраған.

«Сарыарқа» ауданындағы полиция басқармасының учаскелік полициясы Талғат Исатаев өз қаражатына қонақүйдің бөлмесін жалдап, әйелді екі баласымен бірге сол жерге орналастырған. Учаскелік полиция әйелге көмектескеннен кейін оның жұбайымен профилактикалық сұхбат жүргізген. Оның жол көрсетуімен 32 жастағы ер адам ішімдікке тәуелділіктен емделіп, жұмысқа орналасқан. Қазіргі уақытта аталған отбасы бір шаңырақ астында тұрып жатыр және уақытылы көмек көрсеткені үшін полиция қызметкеріне алғыс айтты.

Талғат Исатаев Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Сарыарқа» полиция басқармасындағы N27 жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полициясы. Ол ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді.


Соңғы жаңалықтар