Police 102 мобильді қосымшасы арқылы 400-ге жуық арыз қабылданды - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы 400-ге жуық арыз қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың ақпан айында ел аумағында «102» қызметінің мобильді қосымшасы іске қосылған.

Ол арқылы оқиға орнынан хабарлама, фотосуреттер және видеолар жіберуге болады.

Сондай-ақ бейне және аудиоқоңырау жасау мүмкіндігі жасалған.

Оператормен байланысқа шыққан кезде геолокация автоматты түрде қосылады және өтініш берушінің деректері көрсетіледі.

Бұл уақытты үнемдеуге және жақын жердегі патрульдік экипажды оқиға орнына жылдам жіберуге мүмкіндік береді.

«Осы қосымша іске қосылғаннан бастап ШҚО полициясына 377 өтініш келіп түсті. Оның 177-і мәтіндік форматта, 170-і аудиожазба бойынша және 30-ы бейне қоңырау бойынша қабылданған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Барлық іс бойынша тиісті шаралар қабылданған.


Соңғы жаңалықтар