Poland Open халықаралық турнирінде балуан қыздар екі медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Варшава қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир жалғасуда.

Бүгін кілемге шыққан Қазақстан әйелдер командасының өкілдері екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

50 келіде белдескен Валентина Исламова финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды.

Екінші күміс медальды 59 келіде күрескен Мадина Бақбергенова иеленді.

76 келідегі Эльмира Сыздықова мен Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге таласады.


Соңғы жаңалықтар