Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Польшалық инвестор Арыс тұрғындарына дәрі-дәрмектерді тегін жібереді

2019 жылғы 28 маусым 15:06 707
Бөлісіңіз:
Польшалық инвестор Арыс тұрғындарына дәрі-дәрмектерді тегін жібереді

ВАРШАВА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Польшадағы құрметті консулы Ежи Старак Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкенттегі «Santo-Химфарм» АҚ фармацевтикалық компаниясының негізгі инвесторы, Қазақстанның Польшадағы құрметті консулы Ежи Старак Арыста болған жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларына дәрілік заттар, төсек жабдықтары мен басқа да санитарлық-гигиеналық құралдарды тегін жіберіп, гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жеке ақшалай қаражатты  қайырымдылыққа аударады», - деп мәлім етті ҚР-дың Польшадағы елшілігінен.

Дипломатиялық миссиядан атап өткендей, «Польфарма» концерні жетекші фармацевтикалық өндірушілердің бірі саналады. Ол қазіргі уақытта Қазақстанға 108 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. Республикадағы барлық фармацевтикалық инвестицияның үштен бір бөлігін құрап отыр. Таяу уақытта поляк инвесторы инвестициялық салымның сомасын арттыруды жоспарлауда.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT