Польшалық атлет Риода алған медалін баланы құтқару үшін сатылымға қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша құрамасының диск лақтырушысы Петр Малаховски әлем таңғалған лайықты қадам жасауда, ол өзінің олимпиадада ұтқан медалін көз торының қатерлі ісігіне шалдыққан науқас баланы құтқару үшін сатуға ұйғарды.

 «Риодағы жеңісімнен маған бұл керемет баланың денсаулығы маңызды. Барлықтарыңызды бәссаудаға қатысуға шақырамын, сіздердің көмегімізбен менің күміс жүлдем оған алтыннан құнды денсаулық сыйлайтын болады», - деп жазды спортшы Facebook-тағы парақшасында.

Малаховски медалін 6,6 мың еуроға сатуды көздеп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар