Польшадан келген гуманитарлық көмек Аружан Саинның қайырымдылық қорына тапсырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде «Мейірім» еріктілер қоғамы» қорына гуманитарлық көмек тапсырылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігініңбаспасөз қызметі.

Іс-шара барысында ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов Варшавадағы ҚР Елшілігі ұйымдастырған гуманитарлық көмек польшалық «Wipasz» компаниясының бірнеше рет қолданатын медициналық қорғаныс маскаларын, сондай-ақ Любомирский князь қорының сыйға берген 10 ноутбугын қамтитынын айтты.

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның айтуынша, алынған компьютерлер қашықтан оқыту үшін көмекке мұқтаж балалар арасында таратылады.

Сонымен қатар, ноутбуктардың бір бөлігі өткен жылдың қараша айында сәтті жүзеге асырылған «Русафа» гуманитарлық акциясы аясында Ирактан Қазақстанға әкелінген балаларға беріледі.


Соңғы жаңалықтар