Польшадан Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты.

Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар